🌸Әйел мына 4 нәрсені жасамай ұйықтамауы тиіс.
🌺Бірде Алла елшісі (Оған Аллахтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелі Айшаға (радиаллаху анху ): «Уа, Айша! Мына 4 нәрсені жасамай:
🌺Құранды толық оқымай;
🌺Менің және басқа пайғамбарлардың қолдауына лайық болмай;
🌺барлық мүміндердің разылығын таппай;
🌺қажылықты өтемей ұйқыға жатушы болма», – дейді.
🌺Айша (радиаллаху анху) анамыз бұған таңданып: «Әкем мен анаммен ант етейін, мен бұлардың барлығын аз уақытта жасай алмаймын» – дейді.
🌺Сонда Пайғамбарымыз (Оған Аллахтың игілігі мен сәлемі болсын) күлімсіреп, былай түсіндіреді: «Бұдан артық нендей оңай нәрсе бар, Айша?! «Ықылас» сүресін үш рет, «Фатиханы» бір рет оқып, сен Құранды түгелдей оқыған боласың. Маған және өзге пайғамбарларға салауат айтып, сен біздің қолдауымызға лайық боласың. Алладан барлық мүміндердің күнәсі үшін кешірім тілеп, олардың разылығын табасың. Ал «Субханаллах уәл хам дулиллах уә лә иләһа иллаллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһ ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуә алә кулли шәйн қадир» тәсбихін айтып, сен қажылыққа барған боласың».